
Целиноград ауданы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілетін республикалық сенбілікке белсенді қатысуда. Ауқымды іс-шараға ауданның шамамен 20 мың тұрғыны тартылды, бұл халықтың экология және абаттандыру мәселелеріне деген жоғары азаматтық жауапкершілігі мен бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Бұл күні ауданның барлық ауылдық округтері мен елді мекендерінде ағаш көшеттерін отырғызу, аумақтарды санитарлық тазарту, көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды жинау, сондай-ақ ағаштарды әктеу, бордюрлар мен қоршауларды сырлау жұмыстары ұйымдастырылды. Елді мекендерді көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп, жүздеген жас ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Негізгі шаралардың бірі Ақмол ауылындағы «Рухани жаңғыру» саябағында өткен көшет отырғызу акциясы болды. Оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы, сондай-ақ аудан прокурорының орынбасары Дәулет Әлкенов қатысты. Қатысушылар тұрғындармен бірге қоғамдық кеңістікті көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Экологиялық бастамаға мемлекеттік қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, бизнес қауымдастығы, еріктілер мен жастар белсенді түрде атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Мұндай шараларды өткізу экологиялық ахуалды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға, тазалық мәдениетін және туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясы бірлескен күш-жігердің арқасында абаттандыру мен көгалдандыру ісінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын айқын көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram