
Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың әртүрлі мәселелер бойынша өтініштері қаралды. Атап айтқанда, Астана қаласының Мичурино тұрғын алабының тұрғыны Нұрлы ауылынан жер телімін сатып алғанын айтып, оның нысаналы мақсатын өзгерту және электр желілеріне қосылу мәселелері бойынша жүгінді.
Қараөткел ауылының тұрғындары жолдардың жағдайын жақсарту мәселесіне қолдау көрсетуді сұрап, сондай-ақ көше жарығы, электрмен жабдықтау, сумен қамту және газдандыру мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану мәселелері де қаралды.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер мен кеңестер беріп, жауапты тұлғаларға аталған мәселелерді жан-жақты қарастырып, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.
Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.