Целиноград аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Өнер – халық қазынасы» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті.

Гала-концертке 4 250 өнерпаз қатысты.

Байқауға ауданның барлық ауылдары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдары мен оқушылары, «Ақмола – Феникс» АҚ, «Родина» агрофирмасы» ЖШС сияқты бизнес субъектілері, қосымша білім беру мекемелерінің ұжымдары мен тәрбиеленушілері белсенді қатысты.

Гала-концертте 37 шығармашылық ұжым өз шеберліктерін көрсетті.

«Өнер-халық қазынасы» байқауында алғаш рет өнер көрсеткен дәстүрлі әншілер: Ерлан Ыбырайхан, Айдын Мәдет, Монь Анель, Үсенбек Қамида, Қуаныш Назым, Батан Олжас. Эстрадалық ән орындаушылары: Кәдірбек Жанарбек, Дагиман Еламан, Давид Индира, Дәуір Алтынай, Гүлжан Ниханбаева, Ботагөз Ниханбаева, Серік Бейбарыс, Гүлшат Бекишева, Гауһар Әбдіғали, Медет Абусагитов, Әйгерім Жусина, Саламат Мукашев, Гүлайша Аманжол.

Жерлестерін талантымен тәнті еткен дебютанттар: «Тұмар» би ансамблі, «Қазына» би ұжымы, «Қобыз үні» триосы, «Алаш әншілері» ансамблі, «Ақ шағала» театры, Родина ауылы өнер мектебінің хоры, «Мирас» би ансамблі, запастағы офицерлер хоры, «Асылым» және «Айгөлек» би ұжымдары; «Би әлемі» би тобы; «Гүлдер» би ұжымы, «Назар» домбырашылар ансамблі, «Этуаль» би ұжымы, «Іңкәр» және «Қоянды сазы» фольклорлық ансамбльдері, «Медет пен Әйгерім» отбасылық дуэті, «Парасат» ансамблі, «Күміс әуен» квартеті, «Ерке ару» би тобы, «Нұрай» би тобы, «Art Dance» және «Бархат» би ұжымы, «Шашу» би тобы, «Ақмол сазы» және «Домбыра дастан» домбырашылар ансамбльдері.

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің 42 шебері өздерінің таңғажайып таланты мен шеберлігін көрсетті. Көрмеде этностиль, бисермен тоқу, ілмекпен тоқу, аппликация, ою, тігін, папье-маше техникасында орындалған 150-ден астам туынды ұсынылды.

Көрермендер үшін Бахшагүл Байдолда, Акишев Мереке, Қаппарова Жұлдыз, Сейсембаева Баян мен Әсемхан Ленаның туындылары ерекше қызығушылық тудырды.