
2026 жылдың 13-16 сәуірі аралығында Италияның Болонья қаласында балалар әдебиетіне арналған 63-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Бұл – баспа саласындағы балалар әдебиетіне арналған ең ірі халықаралық алаңдардың бірі. Жәрмеңкеге әлемнің жүзге жуық елінің өкілдері жиналып, олардың қатарында қазақстандық мамандар да болды. Көпшілікке заманауи балалар кітаптары, көркем иллюстрациялар және шетелдік оқырманға ұсынуға лайық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Алғаш рет жәрмеңке аясында қазақстандық өнімдерді көрсетуге арналған жеке алаң ашылып, бұл отандық балалар әдебиетін халықаралық кеңістікке танытуға жол ашты.
Сондай-ақ, Орталық Азия тақырыбына арналған панельдік кездесу өтті. Онда аймақтың балалар әдебиетіндегі көркемдік сипаты, мәдени мұраны заманауи иллюстрация арқылы жаңаша зерделеу және сыртқы нарыққа шығу жолдары сөз болды.