Целиноград ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Целиноград ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бекітілген кестеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.


Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі жолдардың жай-күйіне, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және елді мекендерді абаттандыруға қатысты болды.


Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді қосымша пысықтауды және олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.


Азаматтарды жеке қабылдау — халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңызды құралы ретінде ауданда жүйелі түрде өткізіліп тұрады.