Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында Аққайың ауылының тұрғындары қабылданды. Ауыл тұрғындары электр желілеріне қосылу мәселесін шешуге және жолдың жағдайын жақсартуға жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді.

Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер мен кеңестер беріп, жауапты тұлғаларға аталған мәселелерді жан-жақты қарастырып, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.