Ақмола облысында 1-сыныпқа балаларды қабылдау 10 маусымда басталады

Ақмола облысында 1-сыныпқа балаларды қабылдау 10 маусымда басталады

Ақмолa облысының білім басқармасы 2026–2027 оқу жылында Ақмола облысындағы 494 мектепте 1-сыныпқа балаларды қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлайды. Болжам бойынша 12 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы қабылданады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылы «Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және бірінші сыныпқа қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Өңірде 1-сыныпқа құжат қабылдау 10 маусымнан 31 тамызға дейін электрондық үкіметтің Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар осы ұйымның бірінші сыныбына автоматты түрде қабылданатынын хабарлаймыз. Баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген қызмет алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.