
Бекітілген кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Іс-шара барысында Оразақ, Қараөткел, Бірлік және Қажымұқан ауылдары тұрғындарының өтініштері қаралды. Өтініштердің негізгі бөлігі жол инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау мәселелеріне қатысты болды.
Әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде түсініктемелер берілді. Аудан басшысы тиісті құрылымдық бөлімшелерге жекелеген мәселелерді қосымша пысықтауды және олардың орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Азаматтарды жеке қабылдау халықпен өзара іс-қимыл жасаудың маңызды құралы ретінде жүйелі түрде өткізіледі.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу келесі телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылады: 8 (71651) 30-509.