Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда – ҒЖБМ

Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда – ҒЖБМ

Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында жаңа материалдарды жасап шығару, қоршаған ортаға мониторинг жасау технологиялары, медициналық цифрлық шешімдер және басқа да бағыттар бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Ол халықаралық ынтымақтастық ел ішіндегі қолданбалы міндеттерді шешу бастамаларымен толыға түсетінін атап өтті.

«Бүгінде ғылыми-технологиялық сессиялар тетігі жүзеге асырылуда, оның аясында кәсіпорындар ғалымдар үшін нақты технологиялық міндеттерді жасақтауда. Бұл жұмысқа 500-ден астам ғалым қатысып, 200-ден астам технологиялық міндет қалыптастырылды. Бұл ретте бизнестің кемінде 30% көлемінде бірлесіп қаржыландыруы міндетті шарт болып табылады»,

— деді Саясат Нұрбек.