
Бүгін жерге орналастыру, геодезия және картография саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Қазақстанда наурыздың екінші сенбісінде Жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл мереке жердің жағдайын зерттеу, оны тиімді пайдалану жоспарларын жасау, жер учаскелерінің шекарасын анықтау, картографиялық деректер дайындау және геодезиялық жұмыстармен айналысатын мамандарды біріктіреді.