Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Целиноград ауданының мәдениет үйінде аналар мен әйелдерді құрметтеуге арналған «Әлемнің жарығы – Ана» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы қатысып, жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы әйел-аналардың қоғамдағы рөлі айрықша екенін атап өтіп, олардың парасаты мен еңбегі отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын жеткізді. Сонымен қатар бүгінгі күні әйелдер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен бірге білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында табысты еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Салтанатты жиын барысында әртүрлі салада жемісті еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсенді қатысып жүрген бірқатар әйел азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және арнайы марапаттарымен наградталды.
Іс-шара мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.