НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НҰРА ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НҰРА ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НҰРА ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚҰРМЕТТІ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Ақмола облысының су объектілерінде жару жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2026 жылдың 9-15 наурыз аралығында Нұра өзені арнасының 5 учаскесінде Рахымжан Қошқарбаев, Қабанбай батыр, Шалқар, Оразақ ауылдық округтері және Қосшы (Тайтөбе) қаласының аумағында осы іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Жарылыс жұмыстарын жүргізу мұз алаңын айтарлықтай әлсіретуге және сең жүру кезеңінде өзенде кептелістің пайда болу жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.

Жарылыстарға тән дыбыстарды естіген соң, елді мекен тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұраймыз.

Құрметті тұрғындар, жарылыс жұмыстарынан кейін мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады, әсіресе балалардың қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз және балалардың өзен маңайына жақындауын ерекше назарда ұстауыңызды сұраймыз! Сең жүруі адам өміріне өте үлкен қауіп төндіреді.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.