
1 наурыз күні Целиноград ауданында Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Рахымжан Қошқарбаева өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған Рахимбекова Қаншаим Дулатқызы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
2026 жылғы 3 наурызда Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Рахимбекова Қаншаим Дулатқызы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі ретінде ресми түрде тіркеді.
Ауылдық округ активімен өткен кездесуде Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Нұртазин бұрынғы әкім Гүлбану Алитанқызы Кунаковаға көпжылдық адал еңбегі, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырғаны үшін алғыс білдіріп, жаңадан сайланған әкімді жергілікті активке таныстырды және алдағы жұмысына табыс тіледі.
Сондай-ақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсел Айткужина Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлігін табыстады.