
Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Целиноград ауданының тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын арнайы құрылған https://sailau.aqmola.gov.kz/?lang=kz сайты арқылы тексере алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сайттың көзі нашар көретін азаматтарға арналған нұсқасы да қарастырылған.
Интернет арқылы тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайда, 8 (71651) 30-292 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады. Ақпарат алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) айту қажет. Мамандар сіздің қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді де түсіндіріп береді.
Қазақстан Республикасының Республикалық референдум жөніндегі орталық комиссиясы азаматтарды азаматтық белсенділік танытып, алдағы референдумға жауапкершілікпен қатысуға шақырады.
Еске саламыз, дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары белсенді сайлау құқығына ие.