Целиноград ауданы әкімдігінде кадрлық құрамның жаңаруы және алдағы кезеңнің басым бағыттары талқыланды

Целиноград ауданы әкімдігінде кадрлық құрамның жаңаруы және алдағы кезеңнің басым бағыттары талқыланды

Целиноград ауданы әкімдігінде аудан әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиында ауданның негізгі бөлімдеріне жаңадан тағайындалған басшылар ресми түрде таныстырылды.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Сағынтаев Мәулет Сағынтайұлы тағайындалды. Білім бөлімінің басшысы қызметіне Қаратаев Тұрар Батырғалиұлы кірісті.

Аудан әкімі жаңа басшыларды құттықтап, алдағы кезеңде салалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу және өзекті мәселелерді жедел шешу басты міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың тәжірибесі мен іскерлік қабілеті қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кеңесте бұдан бөлек, Наурыз мейрамына дайындық барысы қаралды. Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық, қоғамдық орындарды безендіру және мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық жұмыстары сөз болды. Ауданда сайлау учаскелерінің әзірлігі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және халықты ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Барлық бағыттар бойынша жұмыс бақылауда.