Көкшетауда Қазақстанның онкологиялық қызметін дамыту мәселелері талқыланды

Көкшетауда Қазақстанның онкологиялық қызметін дамыту мәселелері талқыланды

Көкшетауда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова мен облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованыңқатысуымен онкологиялық бейін бойынша үйлестіру кеңесі өтті. Қатысушылар онкологиялық көмек көрсету саласындағы қазіргі жағдайды, ерте диагностикалау және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

«Онкологиялық ауруларды ерте анықтау – негізгі басымдық болып қала береді. Ел өңірлерінде 19 сараптамалық эндоскопиялықорталық ашылды, ал онкологиялық скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Бұл бүкілхалық үшін тексерулердің қолжетімділігін қамтамасыз етті», – деп атап өтті Әлия Рүстемова.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 246 мыңнан астамонкологиялық науқас динамикалық бақылауда тұр. Жыл сайын сырқаттанушылық деңгейіөсуде, сонымен қатар өлім-жітім көрсеткіші14%-ға төмендеді. Онкологиялық көмекті 17 мыңнан астам маман көрсетеді, кадр тапшылығы 130 адамды құрайды. Орташа республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі жоғары және кадр тапшылығы сақталып отырған өңірлердегі жағдайға, оның ішінде Ақмола облысына ерекше назар аударылды. «ҚазОРҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, проблемалық мәселелерге қарамастан, Ақмола облысының онкологиялық қызметінің әлеуеті жақсы. Мамандар даярлау жүргізілуде, материалдық-техникалық база нығайтылуда, заманауи жабдықтар сатып алынуда, жаңа медициналық нысандар, соның ішінде облыстық аурухананың жаңа ғимараты салынуда.

«Онкологиялық ауруларды анықтау тексерулерден басталады, сондықтан бастапқы медициналық-санитариялық көмекке ерекше көңіл бөлінуде. Алдын алу жұмыстарын күшейтіп, пациенттерді диагностикалау мен емдеу сапасын арттырып жатырмыз», – деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр алдын алу жұмыстарын күшейту, онкологиялық скринингтермен қамтуды кеңейту және пациенттерді диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берді.