
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдар өкілдерінің қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын қалыптастыруға және ілгерілетуге қатысты бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті. Талқылауға облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы, полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы құқық бұзушылықтардың алдын алу және бизнестің қоғамдық процестерге толыққанды және жауапты қатысушы ретіндегі рөлі болды. Прокуратура мен полиция өкілдері азаматтардың мас күйінде жасаған құқық бұзушылықтар проблемасына назар аударды. Алкоголь өнімдерін түнде заңсыз сату — қолданыстағы заңнамалық тыйымдарға қарамастан, ерекше алаңдаушылық туғызады.
Облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлының айтуынша, жыл сайын өңірде адамдардың мас күйде жасаған 600-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркеледі.
«Қылмыстық іс материалдарында әдеттегі тұжырым жиі кездеседі: «мен түнде дүкенге бардым, арақ сатып алдым, содан кейін қылмыс жасадым». Алкоголь қылмыскерді ақтамайды және жауапкершілікті алып тастамайды. Бірақ көбінесе заңсыз әрекеттер тізбегін тудыратын себепке айналады», — деді ол.
Түнгі уақытта алкоголь сатуға тыйым салынғанына қарамастан, кейбір кәсіпкерлер коммерциялық пайданы басшылыққа ала отырып, заң бұзуды жалғастырып отыр. Сонымен қатар, прокуратура орынбасары атап өткендей, бұл бизнес иелерінің саналы әрекеттері туралы ғана емес, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлердің адал қызметі туралы да айтылады — дегенмен, кез-келген жағдайда меншік иесі жауап береді.
«Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде Ақмола облысы бойынша прокуратураның 2026 жылға арналған жоспарына түнгі уақытта алкогольді тұтынуды азайтуға және заңды бизнесті қорғауға бағытталған арнайы іс-шара енгізілді. Қадағалау органы: басымдық - жазалау шаралары емес, алдын алу және ескерту.
Ақмола облысы прокуратура басқармасының аға прокуроры Айым Алтай жедел талдау деректерін келтірді: өңірде 3 491 сауда нүктесі жұмыс істейді, Оның 3327-сі алкогольді сатуға лицензиясы бар. Биыл мастықпен жасалған 620 қылмыс тіркелген; 289 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 207-сі алкогольді белгіленген уақытта сатқаны үшін жазаланды, 28 субъект жыл ішінде қайталап бұзушылықтарға жол берді. Бұл ретте көп жағдайда бұзушылықтар сауда нүктелерінің персоналы деңгейінде тіркеледі. Алайда заңға сәйкес жауапкершілік бизнес иелеріне жүктеледі.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Ақмола облысы алкогольдік қылмыс деңгейі жоғары өңірлер арасында қалып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстардың үлес салмағы 22,8%-ды құрады. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен екі есе дерлік артық деңгей. Өңір ел бойынша 6-шы орында. 2025 жылы алкогольді заңсыз сатудың жолын кескен фактілер саны 20%-ға өсті, алайда сауда нүктелері лицензияларды қайта ресімдеу есебінен жұмысын жалғастырып жатыр. Биылғы қаңтарда алкоөнімдерді заңсыз сатқаны үшін жауапқа тартылғандар саны тағы 53%-ға өсті.
Облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Хусаинов өңірдегі жалпы көше қылмысының төмендеуі аясында, ең алдымен, ірі қалаларда ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсуі тіркелгенін атап өтті.
«Көшеде жасалған барлық қылмыстың 41%-ы мас күйінде болған», - деп атап өтті ол.
Ойын-сауық мекемелері бөлек проблема болып қала береді: бір жыл ішінде оларда 30 қылмыс және 800-ден астам полиция шақырулары тіркелген. Жұмыс режимі бойынша заңнамалық шектеу болмаған жағдайда полиция іс жүзінде жеке бизнесті қорғау функцияларын орындауға мәжбүр.
Сонымен қатар, бүгінде бизнесті қауіпсіз және ашық етуге, заңды түрде сауда жасауға және айыппұл алмауға көмектесетін құралдар бар. Атап айтқанда, «Smart Programs, Gold partner UMAG» компаниясының негізін қалаушы және директоры Дамир Тілеубаев Umag бағдарламасын - дүкендер, супермаркеттер және қызмет көрсету салалары үшін тауарларды есепке алу, сатуды басқару, персонал мен қаржыны бақылауды жеңілдететін, тауарлардың дайын базасын, интуитивті интерфейсті және мобильді қосымша арқылы қашықтан қол жеткізуді ұсынатын бөлшек сауданы автоматтандыру жүйесін енгізуді ұсынады. Бағдарлама егжей-тегжей есептер мен интеграцияларды ұсыну арқылы шығындарды азайтуға, тиімділік пен пайданы арттыруға көмектеседі.
Сауда саласындағы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру туралы Ақмола облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин хабарлады. Оның деректері бойынша, 2025 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті үстемеақыларды асырғаны үшін 201 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескертулер де, қаржылық санкциялар да қолданылды. Оның айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік бақылаудың алдын алу сипатын көрсетеді.
Сонымен қатар, мемлекет әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізімін 19-дан 31-ге дейін кеңейте отырып, бағаны реттеу құралдарын күшейтті. Бұл бағаның өсуін тежеудің неғұрлым атаулы тетігін құруға, мониторингті күшейтуге және өңірлік комиссиялардың жұмысы арқылы алыпсатарлық схемалардың жолын кесуге мүмкіндік берді.
«Тұстастай алғанда, бұл шаралар тұтыну нарығында болжамды және әділ ортаны қалыптастырады, онда ережелерді сақтау нормаға айналады, ал азаматтардың мүддесін қорғау ұран емес, практика болып отыр», — деп атап өтті Самат Сайдалин.
Кездесу ашық диалог және әріптестік форматында өтті және құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңды кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды қоса алғанда, бірлескен шешімдер әзірлеуге бағытталған.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек «Атамекеннің» бизнес пен мемлекет арасындағы байланыстырушы дәнекер ретіндегі рөлін атап өтті.
«Біз іс-шараларымыздың тиімділігін арттыруды жалғастырамыз. Бүгінде «Атамекен» — кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы нақты көпір. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық палатада өткен кездесуде айтты. Палата бизнес өз сұрақтарын жеткізе алатын, қолдау табатын және жүйелі міндеттерді шешуге қатыса алатын негізгі алаң болып қала береді», — деп түйіндеді Ерқанат Мұсылманбек.