Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің жаңа сайланған әкімі жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды

Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің жаңа сайланған әкімі жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды

8 ақпанда Целиноград ауданында Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған Смағұлова Арай Сейсенбекқызы Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

2026 жылғы 10 ақпанда Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Смағұлова Арай Сейсенбекқызын Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі ретінде ресми түрде тіркеді.

Ауылдық округ активімен өткен кездесуде Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Толқынбекұлы жаңадан сайланған әкімді таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсел Айткужина Жарлыкөл ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлігін табыстады.