8 АҚПАНДА ЖАРЛЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

8 АҚПАНДА ЖАРЛЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

Жексенбі күні, 8 ақпанда, Целиноград ауданына қарасты Жарлыкөл ауылдық округінде ауылдық округ әкімі сайлауы өтеді.

Сайлау науқанының күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды үгіттеу 7 ақпан күні сағат 00:00-де аяқталды. Осыған байланысты бұрын орналастырылған үгіт-насихат материалдарын сақтау рұқсат етіледі, алайда жаңа үгіт материалдарын орналастыруға жол берілмейді.

Сайлауға қатысу құқығына 1 236 сайлаушы ие. Дауыс беру күні 2 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.

Барлығы 3 кандидат тіркелген: 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 1 кандидат «AMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

7 ақпан - Тыныштық күні, 8 ақпан - Дауыс беру күні.

Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сайлау бюллетенін алу үшін жеке куәлікті көрсету қажет.

Денсаулық жағдайына немесе өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын сайлаушылар үйден дауыс беру мүмкіндігіне ие. Ол үшін 8 ақпан күні сағат 12:00-ге дейін өтініш беру қажет.