Целиноград ауданында әлеуметтік-экономикалық даму және негізгі мәселелер бойынша аппараттық кеңес өтті

Целиноград ауданында әлеуметтік-экономикалық даму және негізгі мәселелер бойынша аппараттық кеңес өтті

Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің атқарылуы, көктемгі су тасқынына дайындық және құрылыс жобалары қаралды.

Ауданның әлеуметтік-экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Беркеева 2025 жылғы қорытынды көрсеткіштер мен 2026 жылға арналған басым бағыттарды таныстырды. Өткен жылдың негізгі жетістіктері айтылып, алдағы кезеңге міндеттер белгіленді.

Көктемгі су тасқынына дайындық мәселелерін төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Кенжебек Сәбит Өмірбекұлы баяндады. Ол атқарылған жұмыстар, инженерлік инфрақұрылымның дайындық деңгейі, алдын алу шаралары және қауіпті аймақтардағы жағдай туралы ақпарат берді.

Аудан аумағындағы құрылыс жобаларының іске асырылу барысын құрылыс бөлімінің басшысы Айдос Тәңірбергенов таныстырды. Жобалардың орындалу мерзімдері, қазіргі жағдай және алдағы жоспарлар талқыланып, бақылау шаралары бекітілді.

Аппараттық кеңестің қорытындысында әкім ауданның барлық шешімдері уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен қызметтердің үйлесімді жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.