
Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.
Қабылдау барысында Шалқар ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының құрамын сайлау мәселесі бойынша өтініш түсті. Өтініш берушінің айтуынша, дауыс беру кезінде қатыспаған тұлғалар жергілікті қоғамдастық құрамына сайланған. Аудан әкімі аталған мәселені қарауды және жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу барысында заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, жиналысты белгіленген тәртіппен қайта өткізуді тапсырды. Сонымен қатар қабылдау барысында ауылдық клубтың жұмысы мен халықты жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.
Одан кейін Ақмол ауылының тұрғын әйелдері аудан әкіміне жалпы білім беретін мектептің жағдайына назар аударуды сұрады. Олардың айтуынша, мектеп ғимаратына үлкен жөндеу жұмыстары қажет, жиһаздарды жаңарту керек, сондай-ақ кейбір оқушылардың орынсыз мінез-құлқына қатысты мәселелер айтылды. Аудан әкімі мектептің 2026–2027 жылдарға арналған реновация тізіміне енгізілгенін түсіндіріп, қаржыландыру бөлінген жағдайда мектепке күрделі жөндеу жүргізілетінін атап өтті. Оқушылардың мінез-құлқына қатысты айтылған фактілерді тексеру үшін комиссия құру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың апта сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Қабылдау соңында «Нұрлы» ӨК аумағындағы жер учаскесіне қатысты мәселе қаралды.
Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.