Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды

Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды

2026 жылғы 21 қаңтар күні Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай отырысын өткізді.

Комиссия отырысында Рахымжан Қошқарбаев сайлау округін құру туралы және  Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылғы 1 наурызға тағайындау туралы комиссия қаулылары қабылданды. Ауылдық округ әкімі сайлауын тағайындау қаулысына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.  

2026 жылдың 22 қаңңтары мен 3 ақпан сағат 18.00 аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкіміне кандидаттардың ұсыну құжаттарын қабылдайды, сонымен қатар кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылғы 8 ақпан сағат 18.00-де аяқталады.

2026 жылғы 8 ақпан сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2026 жылғы 28 ақпан сағат 00.00-де аяқталады.

Ауылдық округ бойынша сайлау үш учаскелік сайлау комиссиясында ұйымдастырылып, өткізілетін болады.