Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында «Талапкер ЖТ» ЖШС жаңа басшылығы мен қатысушылары № 15 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутатымен бірлесіп, бұрын серіктестікке уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша жағдайды түсіндіру үшін аудан әкіміне жүгінді. Аудан әкімі Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының судьясының жеке қаулысына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігіне заңнамада белгіленген тәртіппен аталған жер учаскелерін мемлекет пайдасына алып қою туралы мәселені шешу тапсырылғанын түсіндірді.

Бұдан кейін «Айнабұлақ» саяжай кооперативінің төрайымы этноауыл ашу жобасын іске асыру үшін жер учаскесін беру мәселесімен жүгінді. Аудан әкімі жер учаскелерін беру тәртібін түсіндіріп, аталған мәселені заңнама талаптарын сақтай отырып, оның ішінде аукциондар мен конкурстар тетігі арқылы қарауды салалық мемлекеттік органдарға тапсырды.

Қабылдау соңында аудан әкімі Жарлыкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі сайлауына қатысты алдағы науқан, сондай-ақ жер қатынастарына байланысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.