Целиноград ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді

Целиноград ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді

Бекітілген кестеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындардың өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік берді.

Ақмол, Арайлы, Аққайың және Қоянды ауылдарының тұрғындары қаңғыбас иттерді аулау, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ жер учаскелерін беру мәселелері бойынша жүгінді. Барлық көтерілген мәселелер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Естеріңізге саламыз, аудан әкімінің жеке қабылдауы алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Жазылу үшін телефон: 8 (71651) 30-509.