Целиноград ауданында тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша тікелей эфир өтті

Целиноград ауданында тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша тікелей эфир өтті

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен механизмдері жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында Целиноград ауданында тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне арналған кезекті тікелей эфир өтті.

Іс-шараға «Целиноград ауданының Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Мақсатжан Мұханбетжанұлы Саматов қатысып, ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жан-жақты түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына нақты уақыт режимінде жауап берді.

Осындай тікелей эфирлер аудан тұрғындарына өзекті ақпаратты жедел жеткізуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Тікелей эфирлер тұрақты түрде өткізіліп отыратын болады. Бұл тұрғындар үшін маңызды мәселелерді дер кезінде көтеруге және ақпараттандыру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Целиноград ауданының әкімдігі (@selinograd_audanynyn_akimdigi)