
Чемпионат Бангладеш елінің астанасы Дакка қаласында өтіп жатыр.
Командалық жарыста еліміздің ерлер құрамасы ақтық сындағы байрақты бәсекеде 230:229 нәтижесімен Үндістан командасын жеңіп, тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.
Ақтық сайысқа дейін қазақстандық мергендер Ирак (234:225), Иран (233:231) командаларын, ал жартылай финалда 236:235 бір ұпайымен Корея құрамасын ұтты.
Садақ ату Ақмола облысында белсенді дамып келеді. Жыл сайын өңір спортшылары республикалық жарыстарда да, халықаралық додаларда да керемет нәтиже көрсетіп жүр.
Бұл әсерлі спорт түрінің барша спортшыларын, жаттықтырушыларын және жанкүйерлерін құттықтаймыз!