
Ақмола облысы әкімінің айтуынша, құрылыстың белсенді кезеңі келесі жылы басталады. 2028 жылы алдымен Сарыарқа шағын ауданына жылу беріледі деп күтілуде. Ал 2029 жылы бүкіл қала жылумен қамтамасыз етіледі.
«Көкшетауды Аристондар қаласы деп атайды. Сондықтан ЖЭО көптеген мәселені шешеді, оның ішінде қаланы кеңейту де бар. Қазіргі уақытта 500 мың адамға арналған жаңа бас жоспар дайындап жатырмыз», – деді Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.