
2025 жылы Ақмола облысында жолдарды салуға және жөндеуге 115 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде, 65 млрд теңге жергілікті маңызы бар жолдарға және елді мекендерде көшелерді жөндеуге жұмсалды.
«Ең алдымен, бұрын басталған жобаларды жүзеге асыруға басты назар аударылды. Соңғы үш жылда жергілікті маңызы бар жолдардың және елді мекендерде көше-жол торабының шамамен 2,5 мың км салынып, жөнделді», - деді өңір әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.