
Целиноград ауданында ауыл тұрғындарының өмір сүру және демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Арайлы ауылдық округіне қарасты Ыңтымақ ауылында жаңа балалар және спорт алаңдары салтанатты түрде ашылды. Ауылдың жас тұрғындары үшін құмсалғыш, әткеншетерк, сырғанақтар және белсенді демалысқа арналған өзге де заманауи ойын элементтері орнатылды. Сондай-ақ әр жастағы тұрғындарға арналған спорттық жаттығу құрылғылары да қойылды.
Жоба аудандық бюджет есебінен іске асырылып, жалпы құны 16 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, «Кадам-НС» ЖШС-нің демеушілігімен шағын футбол алаңы орнатылды. Жұмыстарды «Сембаев» ЖК мердігерлік ұйымы атқарды.
Сонымен қатар Софиевка ауылында «Ақмола Керамика» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен жаңа балалар ойын алаңы орнатылды. Жаңа тұрғын аудан тұрғындары үшін ойын кешендері, әткеншектер мен сырғанақтар қойылды.
Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің белсенді және қауіпсіз демалысына мүмкіндік жасауға ықпал етеді. Целиноград ауданы әкімдігінде атап өтілгендей, ауылдық елді мекендерді абаттандыру мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру аудан жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram