Сенбілік – тазалық кепілі: Ақмол ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Сенбілік – тазалық кепілі: Ақмол ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін Целиноград ауданының Ақмол ауылында жалпыұлттық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Тазалау жұмыстары Гагарин көшесінде және оған іргелес аумақтарда жүргізілді.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты. Қатысушылар жол жиегін ретке келтіріп, аумақты тұрмыстық қалдықтан, жапырақтар мен қураған бұтақтардан тазартты.

Сенбілік жылы әрі достық атмосферада өтті. Тұрғындар мұндай шаралар тазалық пен тәртіпті сақтауға ғана емес, сонымен қатар адамдарды біріктіріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған ауылға деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шараларды өткізу Целиноград ауданында жүйелі түрде жүргізіліп келеді және ол халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған.

Құрметті аудан тұрғындары! Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек. Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.

Бірге - таза және жасыл Қазақстан үшін!