
Республика күні қарсаңында Қоянды ауылында «Светофор» жаңа төмен бағалар дүкені салтанатты түрде ашылды. Енді ауыл тұрғындары азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық химия тауарларын және күнделікті қажет заттарды қолжетімді бағамен, ауылдан шықпай-ақ сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Ашылу салтанатына ауыл әкімі, ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы, бизнес өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шараға қатысушылар жаңа дүкеннің ашылуы сауданың дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және ауыл тұрғындарына қызмет көрсету сапасының артуына ықпал ететінін атап өтті.
«Светофор» дүкені қолжетімді баға мен кең ассортимент ұсынатын ірі бөлшек сауда желісінің бөлігі болып табылады. Оның ашылуы Қоянды ауылындағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мен тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.
Дүкен мекен-жайы: Қоянды ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі 70А.