Ағымдағы жыл біздің облыс диқандары үшін өнімді әрі тарихи жыл болды.

Ағымдағы жыл біздің облыс диқандары үшін өнімді әрі тарихи жыл болды.

Бұған дейін қабылданған шаралардың арқасында аймақ дәнді дақылдардың өнімділігін арттырып, орақ науқанын уақтылы әрі сапалы түрде жүргізе алдық.

Нәтижесінде облысымыз рекордтық көрсеткішке жетіп, 7,6 миллион тонна астық жинады.

Мұндай нәтижелер өңір тарихында бұрын-соңды тіркелмеген.

Орташа өнімділік гектарына 16,3 центнерді құрады, оның 75 пайызы — жоғары сапалы астық.

Бұдан бөлек, майлы дақылдар бойынша да рекордтық өнім жиналды — 650 мың тонна.

Мұның барлығы «Кең Дала – 2» бағдарламасының аясында мүмкін болды, оның шеңберінде:

  • 930 фермерге 118,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру берілді;
  • егіс алқаптарына 336 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді;
  • шаруалар шамамен 1,5 мың дана ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты;
  • диқандарға 94 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, мол өнім жинап, тұқым қорын қалыптастырған жерлестерімізге – диқандарға зор алғыс білдіреміз.