Республика күні қарсаңында Целиноград ауданының өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күні қарсаңында Целиноград ауданының өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға және азаматтық белсенділік танытқан қазақстандықтар жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандық иелері, кәсіпкерлер, білім мен ғылым саласының қызметкерлері, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар мен мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

Айта кетерлігі, марапаттау рәсімі Еңбек мамандықтары жылы аясында өтті. Бұл — ел игілігі жолында өз қолымен еңбек етіп, туған жерінің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегіне деген зор құрметтің белгісі.

Мемлекеттік наградаларға ие болғандар арасында өңір мен елдің дамуына айрықша үлес қосқан Целиноград ауданының лайықты өкілдері бар:

Тимур Амангелдіұлы Пшенов, «Маншук-АЭ» ЖШС бас директоры – «Парасат» орденімен марапатталды;

Петр Вениаминович Подоксенов, «Ақтық» АҚ директорының орынбасары – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды;

Әлібек Жұматаұлы Сүлейменов, кәсіпкер, «МЕЛС» ЖШС директоры, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды;

Самғау Нәсіпқанұлы, кәсіпкер, «SMG SAMGAU COMPANY» ЖШС директоры, қазақстандық қолөнер аяқ киім бренді «SMG» өндірушісі – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл жоғары марапаттар – ел дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің, бастамашылдығы мен отансүйгіштігінің лайықты бағалануы. Олардың табыстары жас ұрпаққа үлгі болып, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесін қосуға шабыт береді.