
Бүгін, 26 қазан күні, Целиноград ауданында №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихат депутатын сайлау басталды.
Сағат 07:00-де Оразақ, Бірлік және Ақмол ауылдарында орналасқан сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Дауыс беру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес өткізіліп жатыр.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қамтамасыз етуде. Сайлау үдерісіне 1 аумақтық, 1 округтік және 3 учаскелік сайлау комиссиясы тартылған. Олар дауыс беру рәсімінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығына ие 2724 азамат енгізілген. Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады.
Аудандық мәслихат депутаты лауазымына үш кандидат тіркелген, олардың барлығы – өзін-өзі ұсынушылар. Әрбір кандидат заңда белгіленген тәртіппен үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, ол 25 қазан күні сағат 00:00-де аяқталды.
Сайлау барысы тыныш жағдайда, сайлау туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтай отырып өтуде.