Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысуда

Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысуда

Ақмола облысы Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құрудың негізгі буыны болып табылады.

25 қазанда елордада өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

Аграршылардың сөрелерінде аймақтың бетке ұстар кәсіпорындары ұсынған 40-тан астам азық-түлік түрі қойылды.

Целиноград ауданының атынан «Агрофирма «Родина» ЖШС, «Астана-Өнім» АҚ, «Capital Project LTD» ЖШС, «Моя ферма» ЖШС және басқа да кәсіпорындар қатысты. Олар жалпы көлемі 25 тоннадан астам өнім ұсынды, оның ішінде сиыр еті, жылқы еті, қой еті, құс еті, шұжық өнімдері, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері бар. Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.

Қонақтар үшін Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жәрмеңке ерекше мерекелік көңіл-күйде өтуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өнімдерді белсенді түрде сатып алып, тауарлардың кең таңдауы мен қолжетімді бағаларын атап өтуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Целиноград ауданының әкімдігі (@selinograd_audanynyn_akimdigi)