Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынады

Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынады

Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!

25 қазан күндері  Астанада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Сіздер 40-тан астам азық-түлік түрін сатып ала аласыздар. Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады.

Облыс фермерлері ет және шұжық өнімдерін, балғын балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдерін, ұн, картоп және көкөністер әкеледі.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде тұтынушыларға көмек көрсету  үшін еріктілер жұмыс істейтін болады.

Келушілердің назарына ақмолалық өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама  ұсынылады.

Тиімді бағамен сапалы өнім сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Біз сіздерді Қарқаралы тасжолы 1 мекенжайында («Қазанат» ипподромына қарама-қарсы) асыға күтеміз.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-де басталады.