
Целиноград ауданында елді мекендерді абаттандыру мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шалқар ауылдық округі аумағындағы Нұра өзенінің бойы тазартылып, бірқатар елді мекендерде заңсыз қоқыс үйінділері жойылды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар шығарылып, қоғамдық аумақтар абаттандырылды.
Экологиялық іс-шараларға ауыл тұрғындары, жергілікті мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен еріктілер белсене қатысты. Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қоғамдық аймақтар ретке келтіріліп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті мен тұрғындардың экологиялық жауапкершілігі арта түсті.
Заңсыз қоқыс орындарын жою және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Бұл шаралардың басты мақсаты – аудан аумағын таза, жайлы және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өңірге айналдыру.