
Целиноград ауданының прокуратурасымен елдегі экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық қозғалысы аясында ағаш отырғызу акциясы өткізілді.
Іс-шара аудан прокуратурасының аумағында өтті және оның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру деңгейін арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ халық арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру болды.
Акцияға прокуратура қызметкерлері белсене қатысып, қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттерін өз қолдарымен отырғызды. Прокуратура қызметкерлерінің бұл үлгісі – әрбір Қазақстан азаматы туған өлкенің табиғи байлығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алатынын көрсетеді.
Мұндай іс-шаралар тек аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруға ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға, бірлікті нығайтуға және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қамқорлық сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Целиноград ауданының прокуратурасы экология саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өз үлесін қоса отырып, табиғатты қорғауға бағытталған республикалық бастамаларға қатысуды жалғастыратын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram