Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтардың бірі- жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайыдала алуы болып табылады.
Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің түлегі Цицкиев Даут Мұхарбекұлы уәкілетті органның келісімі бойынша Целиноград ауданы әкімі аппаратының инспекторлық-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Жас маманның жаңа жұмысына сәттілік тілейміз. Мемлекеттік қызмет жолында үлкен белестер бағындыра берсін.