Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылында, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.
Төртінші деңгейлі жергілікті бюджет есебінен ауыл аумағына 14 бейнебақылау камерасы орнатылып, іске қосылды.Бұл бастама ауыл ішіндегі қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жалпы тұрғындардың тыныштығын сақтауға бағытталған.
Камералар ауылдың негізгі көшелері мен қоғамдық орындарында, мектеп пен дүкендер маңында орналастырылды. Жазбалар арнайы мониторинг орталығына түсіп отырады.
Аталған жоба – ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес жүзеге асқан нақты қадам.Болашақта бейнебақылау жүйесін кеңейту жоспарланып отыр.