2025 жылғы 14 қыркүйекте Целиноград ауданының Талапкер ауылы әкімі кезекті сайлауын өткізу туралы және Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерінің кезектен тыс сайлау өтеді.
Алдағы сайлауға дайындық аясында Ақмола облыстық комиссиясы аталған аудандардың учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларын, төраға орынбасарларын, хатшыларын оқытуды ұйымдастырды және өткізді.
Оқыту жұмысына облыстық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Оқыту семинары учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау құқығы бойынша алған білімдерін өзектендіруге және бекітуге мүмкіндік берді, бұл сайлау комиссияларының қызметіндегі қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, сабақ барысында дауыс беру күні УСК қызметін ұйымдастыру және жоспарлау, сайлаушылардың дауыстарын санау, дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасау, дауыс беру қорытындылары туралы УСК хаттамасын және өзге де сайлау құжаттамасын АСК-ға ұсыну мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар, дауыс беру күні туындауы мүмкін жағдайлар бойынша іс-әрекет алгоритмдері ұсынылды. Тыңдаушылар меңгерген материалдарын бекіту үшін кейстік тапсырмалар мен бақылау сұрақтары әзірленді.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич Политкин семинарды қорытындылай келе, барлық сайлау іс-әрекеттері мен рәсімдерін нақты орындау, сайлау процесіне қатысушылардың өтініштерін мұқият қарау қажеттігін атап өтіп, сайлау комиссияларында сайлауды ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің толық жатқанын атап өтті.