№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Целиноград аудандық мәслихаттың депутатын сайлау тағайындалды

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Целиноград аудандық мәслихаттың депутатын сайлау тағайындалды

2025 жылғы 27 тамызда Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Целиноград аудандық мәслихатының депутатын сайлауды ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Комиссия отырысында №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Целиноград аудандық мәслихаттың депутатын сайлауын 2025 жылғы 26 қазанға тағайындау туралы комиссия қаулысы қабылданды. Целиноград аудандық мәслихаттың депутатын сайлауын тағайындау қаулысына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 27 тамыздан бастап 25 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталады.  

2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы агитация басталады және 2025 жылғы 25 қазан сағат 00.00-де аяқталады.

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді бір аумақтық және үш учаскелік сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Оразақ ауылдық округінде №674 және №675 учаскелік сайлау комиссиялары, Ақмол ауылдық округінде №733 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. 

Аудандық мәслихат депутатын сайлау халық билігі қағидаттарын іске асырудың және округ тұрғындарының мүдделерін өкілді орган қызметінде қамтамасыз етудің маңызды кезеңі болып табылады. Сайлау науқанын өткізу демократиялық дәстүрлерді дамытуға, азаматтардың саяси мәдениетін арттыруға және билік институттарына деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы