Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізіп, барысында тұрғындардың тұрғын үй және жер қатынастарына қатысты өтініштері қаралып, сондай-ақ кәріз желілерін салу мәселесі бойынша жобалау ұйымының ұсыныстары тыңдалды.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктемелер мен кеңестер берілді.
Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.