Родина ауылының «Солнышко» бөбекжайында жаңа балаларға арналған беседкалардың салтанатты ашылуы өтті.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Родина ауылдық округі әкімдігі» ММ, ал орындаушысы – «Рухы биік мүгедектер қоғамы» ҚБ. Жобаның жалпы құны 10,8 млн. теңгені құрап, құрылыс төртінші деңгейлі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.
Бүгінгі күні бөбекжайда 74 бала төрт топта тәрбиеленуде. Әр топқа жеке беседка салынды – барлығы 4 заманауи беседка пайдалануға беріліп, олар балалардың таза ауада ойнауына, серуендеуіне және демалуына ыңғайлы орын болады.
Мерекелік шара қуаныш пен күлкіге толы атмосферада өтті. Аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ойындар мен билер ұйымдастырды, сонымен қатар тәтті сыйлықтар табыс етті. Мұның бәрі балалар мен ата-аналардың көңілінде жарқын әсер қалдырды.
Жаңа беседкалардың ашылуы балабақша ұжымы мен бүкіл ауыл үшін маңызды оқиға болып отыр. Бұл бастама балаларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, олардың денсаулығын нығайтуға және белсенділігін арттыруға бағытталған.