Целиноград ауданында Спорт күні аталып өтті

Целиноград ауданында Спорт күні аталып өтті


Целиноград ауданында Спорт күніне орай аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында ауданның дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар, спорт ардагерлері мен сала қызметкерлері аудан әкімінің төсбелгілері мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Мереке құрметіне асық ату, қазақ күресі, армрестлинг, гір көтеру және арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарыстарға көптеген қатысушылар мен көрермендер жиналып, күш-жігер мен шеберліктің, бірліктің нағыз мерекесіне айналды.

Аудан әкімі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, спортты дамытуға және белсенді демалысты дәріптеуге үлес қосып жүрген барша жандарға алғысын білдірді.

Барлық аудан тұрғындары мен қатысушыларды Спорт күнімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және жарқын спорттық жеңістер тілейміз!