Целиноград ауданында Халықаралық жастар күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өтті.
Жастық шақ – үміт пен жаңалықтарға толы кезең, өз жолыңды іздейтін, батыл идеялар мен жоспарларды жүзеге асыратын уақыт. Барлық кезеңдерде жас ұрпақтың бастамаларының қайнар көзі, прогресс пен өзгерістердің қозғаушы күші болып келді. Елдің болашағы көп жағдайда жастардың белсенділігіне, өзара түсіністігіне және жауапкершілігіне байланысты.
Салтанатты жиында аудан тұрғындары мен қонақтарына Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол жастардың ауданның дамуына қосқан елеулі үлесін, қоғамдық және экономикалық өмірге белсенді қатысуын, сондай-ақ білім, спорт, мәдениет және кәсіпкерлік салаларындағы жетістіктерін атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Динара Наумова құттықтады. Ол жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымының, білімге және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысының маңыздылығын атап өтіп, аудан жастарының ел болашағына сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді.
Іс-шара барысында аудан әкімі белсенді жасөспірімдер мен бойжеткендерге, бизнес өкілдеріне және бюджет саласының қызметкерлеріне «Елге қызмет-мәртебе» төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік бағдарламаға аудандық мәдениет үйі әртістерінің өнер көрсетуі енді. Кештің финалдық бөлігі ауыл мәдениет үйінің алдындағы орталық алаңда өткен жастар дискотекасымен аяқталды.
Мереке ұйымдастырушылары ауыл тұрғындары мен қонақтарын көңілді байқаулармен, отты би және әсем әндермен қуантты.