Азаматтарға арналған ЖАДЫНАМА — ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласындағы қашықтықтан жасалатын қылмыстарды алдын алу және болдырмау туралы

Азаматтарға арналған ЖАДЫНАМА — ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласындағы қашықтықтан жасалатын қылмыстарды алдын алу және болдырмау туралы

Азаматтарға арналған ЖАДЫНАМА — ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласындағы қашықтықтан жасалатын қылмыстарды алдын алу және болдырмау туралы:

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін келесі ережелерді біліп, сақтаңыз:

– Кез келген банк қызметкері сізден картаңыздың деректерін (карта нөмірі, жарамдылық мерзімі, карта артындағы құпия код) ешқашан сұрамайды - бұл ақпарат оларда бар.

– Қандай жағдай болмасын банк картасының деректерін және карта артындағы құпия кодты ешкімге айтпаңыз.

– PIN-кодты картадан бөлек сақтаңыз; ешқашан PIN-кодты картаға жазбаңыз.

– PIN-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз.

– Телефон арқылы алдау әрекеттерінен сақ болыңыз – себебі алаяқтар сізді шатастыруға тырысады.

– Банк қызметкерімі деп танысқан күдікті адамдармен телефон арқылы сөйлесуден аулақ болыңыз; сөйлесуді үзуге қорықпаңыз - жай ғана телефонды қоя салыңыз.

– Банк жіберетін SMS-хабарламаларды мұқият оқып шығыңыз.

– Банк жіберген SMS-тегі парольдер мен құпия кодтарды ешқашан және ешкімге айтпаңыз.

– Тек алаяқтар ғана банк жіберген SMS-тегі құпия кодтарды сұрайтынын есте сақтаңыз.

– Банк қызметкерлері сізден банкоматқа баруды ешқашан өтінбейді.

– Егер сізден картаңызбен банкоматқа баруды сұраса - бұл айқын алаяқтық.

– Интернет-дүкендердегі айтарлықтай төмен көрсетілген бағамен тауар сатып алмаңыз — бұл әдетте алаяқтық болып табылады.

– Әлеуметтік желідегі танысыңыз ақша сұраса, ешқашан аударма жасамаңыз: мүмкін олардың аккаунты бұзылған болуы мүмкін. Алдымен сол адаммен басқа байланыс арнасы арқылы (телефон арқылы немесе жеке кездесіп) байланысып, шынымен ақша сұрағанына көз жеткізіңіз.

– Интернетте белгісіз сайттарға сілтемелерге өтпеңіз.

– Ойланып, асықпай әрекет етіңіз; «тегін нәрсе тек тұзаққа әкеледі» деген ұстанымды есте сақтаңыз.