Электрондық үкімет порталы – eGov.kz сайтында «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік қызметі қолжетімді. Бұл қызмет қазақстандықтарға жеке сот орындаушысы, нотариус, адвокат немесе медиация саласында қызмет көрсететін маман ретінде тіркеуге өтінімді онлайн түрде жолдауға мүмкіндік береді.
Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу салықтық әкімшілендіру мақсатында жүзеге асырылады және лицензия немесе куәлік негізінде кәсіби қызмет атқаратын жеке тұлғаларды қамтиды.
Қызмет шеңберінде тіркеуге қою, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ тіркеуден шығару жүзеге асырылады. Ақпарат www.kgd.gov.kz сайтында жарияланады.
Қызметті пайдалану үшін:
Қызмет көрсету мерзімі – eGov.kz порталы арқылы салықтық өтініш берілген сәттен бастап 1 жұмыс күні. Ақпараттағы өзгерістер, соның ішінде мекенжай өзгерісі де, 1 жұмыс күні ішінде өңделеді. Тіркеуден алынған жағдайда ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
Қызмет көрсету нәтижесі – тіркеуге қою, тіркеуден шығару немесе дәлелді бас тарту.
Жуырда бұл қызмет салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу аясында жаңартылды. Жаңарту жекелеген процестерді автоматтандыруға, электрондық өзара іс-қимыл сапасын арттыруға және әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің өзара ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды.