
2025 жылғы 2–7 тамыз аралығында Щучинск қаласында еліміздің үздік спортшыларын жинаған Қазақстан Республикасының VI Жастар ойындары өтті. Ақмола облысының құрамында өнер көрсеткен Целиноград балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жарыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды.
Recurve men U21 – Майкибаев Райымбек 3-орын
Compound men U21 – Тютюн Андрей 1-орын
Recurve men team U21 – Майкибаев Райымбек, Нұрланұлы Нұрбақыт, Тұяқ Алихан 1-орын
Recurve women team U21 – Әбдрашит Томирис, Яхина Аяжан, Жумагулова Самира 1-орын
Compound men team U21 – Тютюн Андрей, Рыскулбек Қуан, Майкибаев Рахымбек 2-орын
Recurve mix team U21 – Майкибаев Райымбек, Жумагулова Самира 2-орын
Compound mix team U21 – Тютюн Андрей, Ершова Анастасия 1-орын
Сонымен қатар, жалпыкомандалық есепте Ақмола облысының құрама командасы 1 орынды иеленді!
Бұл тамаша жетістіктер спортшылардың қажырлы еңбегі мен жарыс бойы қолдау көрсеткен, бағыт-бағдар берген білікті жаттықтырушылардың еңбегінің нәтижесі.
Біз өз мергендеріміз бен олардың бапкерлерін мақтан тұтамыз! Оларға мықты денсаулық, өз күштеріне сенім, жаңа спорттық рекордтар және алдағы жарыстарда жарқын жеңістер тілейміз!