Қаражар ауылының әкімі «Тіл шебері» облыстық байқауында жүлдегер атанды

Қаражар ауылының әкімі «Тіл шебері» облыстық байқауында жүлдегер атанды

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – көптілділікті насихаттау, мемлекеттік және халықаралық тілдерді үйренуге қызығушылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.

Аталған байқауға қатысып, Целиноград ауданы Қаражар ауылының әкімі Нұрдәулет Әділұлы Ташматов жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен ол байқау нәтижесі бойынша жүлделі III орынды иеленіп, үш тілді жетік меңгергенін және жан-жақты білімін көрсетті.

Нұрдәулет Әділұлын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жұмысына табыс, кәсіби өсу мен аудан игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!